Елордада ұландықтар ұстамасы бар қызды құтқарып қалды

Сурет: polisia.kz
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері кезекті рет кәсібиліктері мен кез келген сәтте көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеді. Оқиға Салтанат сарайы маңында болды. Автобус аялдамасынан келе жатқан жас қыз кенеттен өзін жайсыз сезінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыз жол бойына жақын маңда тұрған әскери қызметшілерден көмек сұрады. Жағдай шұғыл әрекетті талап етті. Ұландықтар бірден іске кірісті.

Аға лейтенант Бағлан Тәтей, лейтенант Әділет Мұратов және қатардағы жауынгер Даниял Сәрсенғалиев зардап шеккен қызды қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.

"Біз келген кезде қыздың жағдайы өте ауыр екені бірден байқалды. Ол теңселіп, әрең жүріп келе жатты. Біз оны жол жиегінен алып кетіп, жарақат алу қаупін болдырмауға тырыстық. Эпилепсия ұстамасына ұқсас жағдай болды: қолдары қалтырап, көзі бұлдырап тұрды. Біз оны бір қырынан жатқызып, басын ұстадық, есінен танып қалмауы үшін үнемі сөйлесіп отырдық. Ең бастысы – оның құлап, өзіне зақым келтіріп алуына жол бермеу еді", - дейді аға лейтенант Бағлан Тәтей.

Куәгерлердің айтуынша, қызда эпилепсия ұстамасының белгілері байқалған. Әскери қызметшілер жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қызды қалалық ауруханаға жеткізді.

Қазақстан
Қазақстан мақтанышы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі