ҚР Денсаулық министрлігі қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: Telegram/DenMinPR
ҚР Денсаулық министрлігі 2025 жылғы 15 мамырда жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік бүгінде республикадағы денсаулық аптасы аясында еліміздің әртүрлі өңірлерінде дәрістер, семинарлар, тренингтер, консультациялар, ата-аналар мен тәлімгерлермен кездесулер өтіп жатқандығын мәлімдеді. 

ЖЖБИ деген не?

Бұл — қорғаныссыз жыныстық қатынас кезінде, қан арқылы, анадан балаға жұғатын инфекциялар.

"Олардың қатарына АИТВ, мерез, хламидиоз, адам папилломасы вирусы, В гепатиті, герпес және басқалар жатады".ҚР Денсаулық министрлігі

Олар қаншалықты қауіпті?

Көптеген ЖЖБИ-дың ұзақ уақыт бойы ешқандай симптомдары білінбейді. Бірақ салдары өте ауыр болуы мүмкін:

Келесі симптомдар пайда болса, сақ болған жөн:

"Егер осындай белгілердің бірін байқаған болсаңыз, міндетті түрде және мүмкіндігінше тезірек дәрігерге (гинекологқа, урологқа, дерматовенерологқа) жүгініңіз". ҚР Денсаулық министрлігі

Өзіңізді қалай қорғауға болады:

"Егер диагноз расталса — міндетті түрде емделу қажет. Емді екі серіктес те, тіпті біреуінде симптомдар болмаса да қабылдауы тиіс. Емді үзуге болмайды. Емделген соң — міндетті түрде қайтадан талдаулар тапсыру қажет. Жасөспірімдер мен жастар — әсіресе осал топ. Көбіне олар қайда жүгінерін, кімге сенетінін білмейді. Мұндай жағдайларда емханалар жанынан ашылған Жастар денсаулығы орталықтарына баруға болады. Мұнда құпия сақтала отырып, тегін консультация алуға болады",- делінген ақпаратта. 

Бұған дейін Қазақстанда педофилдер өмір бойы тіркеуге алынатындығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз