Сара Назарбаеваның денсаулығы жайлы не белгілі

Сурет: Facebook/Bobek Ortalygy
Бүгін, 2025 жылғы 15 мамырда Zakon.kz жолдаған сауалға ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі өздерінде емделіп жатқан Сара Назарбаеваның жағдайына қатысты жауап беріп, шағын түсініктеме берді.

Сонымен, берілген жауапта науқастың қазіргі уақытта ұлттық госпитальда емделіп жатқаны айтылады:

"Барлық медициналық іс-шаралар медициналық көмектің бекітілген стандарттарына сәйкес білікті мамандардың бақылауымен жүргізілуде".

Бұдан бөлек, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы, атап айтқанда, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 273-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес, науқастың диагнозына, денсаулық жағдайына, емдеу әдістері мен нәтижелеріне қатысты мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайтын ақпарат санатына жатқызылатыны да нақтыланады.

"Мұндай деректерге тек науқастың келісімімен немесе заңда көзделген өзге де негіздер негізінде ғана қол жеткізуге болады". ПІБ МО ұлттық госпиталі

Сондай-ақ медициналық этика және кәсіби жауапкершілік қағидаттарына сәйкес медициналық ұйымдар дербес медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қатаң сақтауға міндетті.

"Ақпаратты жария етпеу туралы шешім пациенттің жеке өмірін құрметтеуге және емдеу процесіне ықтимал араласудың болуынан қорғау тұрғысындағы заңды құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында оның мүддесі үшін қабылданды", делінген медициналық мекеменің түсініктемесінде. 

Айта кетсек, 2025 жылы 14 мамырда әлеуметтік желіде және кейбір БАҚ-та Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызының қайтыс болғаны туралы қауесет тарады. Бірақ бұл деректерді оның кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жоққа шығарды. 2025 жылы Сара Алпысқызы 84 жылдығын атап өтті.


Алматы
Назарбаева Сара

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды