Ғани Бейсембаев қысқа қайырды, Қазақстан мектептерінде жыныстық ағарту сабақтарын енгізу жоспарланып отырған жоқ.
"Менің ойымша, ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігін арттыру дұрыс болады – бұл әрдайым солай болған. Мұндай нәрселер отбасында тәрбиеленеді. Сондықтан біз ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарын арнайы аштық. Мен сол жерде психологтар барынша жұмыс істеп, ата-аналарды ағарту үшін тапсырма бердім: балалармен қалай қарым-қатынас жасау керек, оларды қалай тәрбиелеу керек. Ең дұрыс, өнімді және тиімді шешім – бұл ата-ана жауапкершілікті өз мойнына алып, осы іспен айналысқанда. Әрине, мектеп жауапкершіліктен қашпайды, бірақ оны толықтай мектепке жүктеу, менің ойымша, онша дұрыс болмайды. Біз "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында тиісті іс-шаралар өткіземіз, бірақ сіз қазір айтқандай тікелей мағынада емес", – деп жауап берді министр.
Оның пікірінше, бұл мәселеде негізгі рөлді ата-аналар өз мойнына алуы тиіс, ал мектеп оларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.
Бұған дейін министр соңғы қоңыраудың неліктен 9-сынып оқушылары үшін өткізілмейтінін түсіндірді.