БҚО-да шетел азаматы сот шешімін орындаудан жалтарған

Сурет: polisia.kz
БҚО-да рейдтік іс-шаралар барысында сот шешімін орындаудан жалтарған шетел азаматы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтау бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде БҚО полиция департаменті көші–қон қызметі басқармасы қызметкерлері 2024 жылы елден шығарылған шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүргенін анықтады.

Аталған азамат соттың елден шығару туралы күшіне енген шешіміне қарамастан, елден ерікті түрде шықпаған, сот шешімін әдейі орындамай, құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. Жедел іс-шаралар барысында оның жүрген жері анықталды. Қазіргі уақытта ол ұсталып, арнайы қабылдау орнына орналастырылды. Алдағы уақытта ол елімізден мәжбүрлі түрде шығарылады.

Сондай-ақ өңірде үш күндік рейдттік іс-шаралар аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 46 фактісі анықталды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі