Ақтөбедегі Елек өзенінде балық қырылып жатыр

Сурет: видео скрині/КТК
Ақтөбедегі Елек өзенінде балық қырылып жатыр. Жағалаудан жүздеген сазан, мөңке мен ақтабандардың өлексесі табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, тұрғындар бірен-саран өлексені Елек өзенінен бір апта бұрын байқаған. Кейін өлген балықтар саны күрт көбейіп, ағысы баяу жерде ақтабан, сазан мен мөңкелер бетіне қалқып шығыпты. Ақтөбеліктер осы өлекселерден індет тарап кетпей ме деп қауіптенеді.

Қазір мамандар жағадағы балық өлексесін жинап жатыр. Оны сынамаға жібереді. Сонымен қатар су құрамы да зерттелуде. Тексеруге кіріскен балық шаруашылығы инспекциясындағылар өлекселерден жарақат байқапты. Ақтөбе су қоймасындағы шлюзді ашқанда қатты ағыспен өзендегі балық бетон қабырғаларға соғылып өлуі мүмкін деген болжам айтылып жатыр.

"Секундына 25 мың текше метр жіберіп жатыр, сондай жылдамдықпен. Бөгеттің астында бетон құрылыс бар, соған соғылып-қағылып, жарақат алды деп болжанып отыр. Бірақ нақты қорытынды зертхана қорытындысын алғаннан кейін белгілі болады".Тобыл-Торғай облысаралық бассейн‑балық шаруашылығы инспекциясының бас инспекторы Әділбек Сұлтанов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады