Мойны кесілген: Павлодар облысында есірткімен айналысқан қылмыстық топ анықталды

Сурет: pexels
Павлодар облысында есірткімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар жарты жыл заңға қайшы әрекет жасаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақсу қаласында биыл 24 сәуірде мойын тұсынан бірнеше рет кесілген жарақаттармен шетел азаматы қалалық ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның нақты мән-жайларын анықтау мақсатында прокурорлар оқиға орнына барып, тексеру жүргізді.

Әңгіме кезінде оқиғаға қатысушылардың бірі күмәнді әрекет етіп, сұрақтарға сенімсіз жауап берген.

Жедел іс-шаралар барысында прокурорлар аталған әйелдің ұялы телефоны арқылы есірткі қоймаларының координаталарын, сондай-ақ оның жанында болған тыйым салынған заттарды анықтады.

Кейінгі тергеу шаралары нәтижесінде 120-дан астам орама табылып, оларда синтетикалық есірткі болуы мүмкін деген заттар, сондай-ақ оларды орау және сату үшін қолданылатын құралдар тәркіленді.

Аталған қылмыстық топтың жарты жыл бойы Павлодар облысының аумағында заңсыз әрекетпен айналысып келгені анықталды. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты