Қызыл кітапқа енген қар барысы мен қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды

Сурет: pixabay
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында сирек кездесетін әрі жасырын өмір салтын ұстанатын жыртқыштар – қар барысы мен қоңыр аю бейнеқақпанға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бірегей кадрлар жоспарлы экологиялық мониторинг аясында алынған. Қар барысы ҚР Қызыл кітабына енгізілген және жойылып бара жатқан түрлер қатарына жатады. Мамандардың айтуынша, олардың табиғи ортада көрінуі экожүйенің тұрақты жағдайын және жүргізіліп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін көрсетеді.

Мұнымен қоса, мониторинг Алматы қорығы аумағында да жүргізілуде. Мұнда мамандар жануарлардың тіршілік әрекетін зерттеу мақсатында қорық аумағына фототұзақ орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізеді. Мәселен, 2025 жылдың басынан бастап Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) фототұзаққа 25 рет түскені тіркелді.

Мамандар фототұзақтар арқылы тұрақты мониторинг жүргізу жануарлардың белсенділігін, қозғалыс бағыттарын, мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік беретіндігін айтты

"Мұндай бақылаулар маңызды мекендеу аумақтарын анықтауға және табиғи факторлардың популяцияға әсерін бағалауға көмектеседі. Жиналған мәліметтер ғылыми зерттеулер мен ғылыми мақалалар дайындауға негіз болып табылады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Жамбылда ұсақ малдың жүні кәдеге аспай, қоқыста жатқандығы жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты