Қазақстанға еңбек мигранттары негізінен қай елдерден келеді

Фото: МИД РК
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 30 мамырда елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейтіндігі жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Деректерге сүйенсек, 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 283 шетел азаматы еңбек етеді.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:

  • Қытай – 5 054 адам,
  • Өзбекстан – 1 926 адам,
  • Түркия – 1 079 адам,
  • Үндістан – 1 078 адам. 

Ведомство шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар екенін атап өтті: 

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 392 және 1 037 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 271 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 637 адам тартылды.

Министрлік қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 808 жұмыс беруші бар екенін айтты. 

Оларда 352 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,1%-ы. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: 

"Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейтінін және бөлетінін естеріңізге саламыз. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2% мөлшерінде немесе 14,8 мың бірлік болып белгіленген, ал осы жылдың наурыз айынан бастап жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне байланысты министрдің бұйрығымен 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды",- делінген ақпаратта. 

Бұған дейін Қазақстанда өндіруші салалардағы мүдделі тараптардың ұлттық кеңесі құрылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды