Ұлттық қор - балаларға немесе болашаққа жұмсалған инвестиция

Сурет: pexels
ҚР Қаржы министрлігі 2025 жылы 31 мамырда балалар күні қарсаңында елімізде бүлдіршіндер шотына Ұлттық қордан жыл сайын ақша бөлініп отыратынын тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда балалардың өсіп, дамуына жан-жақты жағдай жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып саналады. Бұл үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.

"Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2024 жылы "Ұлттық қор-балаларға" жобасын іске асыру қолған алынған еді. Оның аясында әр балаға жыл сайын Ұлттық қордан қаражат бөлінеді. 2024 жылы бұл төлемдердің көлемі бір балаға шаққанда 129,38 долларға артты. Ал тұтастай бағдарлама бойынша жалпы қаражат 888 млн долларға жетті. Бұл көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлетінін көрсетіп отыр", делінген хабарламада.

Жобаның шарттарына сәйкес жинақталған қаражатты 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайдалануға болады:

Мұндай амалдар отбасыларға тікелей қолдау көрсетіп қана қоймай, болашақ ұрпақтың әл-ауқатына негіз құра отырып, елдің ұзақмерзімді дамуына ықпал ететіні де нақтыланады.

Бұған дейін қазақстандық балалар спортқа, өнерге және қосымша білім беру бағыттары бойынша бірыңғай ваучер алатыны хабарланған.

Қазақстан
Ұлттық қор – балаларға

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты