Жаңаөзенде халықаралық деңгейдегі спорт кешені салып жатыр

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында жаңа спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жоба – өңір жастарына арналған дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған маңызды бастама. Спорт кешені халықаралық стандарттарға сай салынып, тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: "Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет", – деп атап өткен болатын.

Сол игілікті істердің бірі – Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бой көтеретін заманауи спорттық-сауықтыру кешені. Бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруға еліміздегі ең ірі қайырымдылық ұйымдардың бірі – Halyk қайырымдылық қоры ұйытқы болып отыр. 

Бұл бастама – ел болашағы саналатын жас ұрпақтың денсаулығын нығайтуға, оларды отансүйгіштік пен белсенді өмір салтына баулуға бағытталған нақты қадам. Президент тапсырмасы бүгінде шынайы істермен ұштасып, еліміздің түкпір-түкпірінде оң нәтижесін бере бастады.

Сурет: Halyk қайырымдылық қоры

Кешеннің іші халықаралық стандарттарға толықтай сай жабдықталып, көпфункционалды жаттығу және күрес залдары, киім ауыстыратын бөлмелер мен душ кабиналары, спорт құралдарын сақтайтын қоймалар, әкімшілік және техникалық бөлмелермен қамтылады. Сондай-ақ бейнебақылау жүйесі мен өрт қауіпсіздігі талаптары да толық ескерілген. Жалпы аумағы 3,87 гектарды құрайтын нысан 9 ай ішінде пайдалануға берілмек. Жобаның жалпы құны – 1,5 миллиард теңге.

Халқы тығыз қоныстанған, жастар үлесі жоғары Жаңаөзен қаласы үшін мұндай нысан аса қажет. Кешеннің артықшылықтары:

"Бұл нысан қаламыздың әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына және спортқа деген қызығушылығын арттыруға зор серпін беретініне сенімдіміз. Біз жастардың жарқын болашағы жолында барлық жағдайды жасауға әрдайым дайынбыз", - дейді Жаңаөзен әкімі Жансейіт Қайнарбаев.

Жаңаөзенде бой көтеретін бұл кешен – тек спортпен шұғылданатын ғимарат қана емес. Бұл – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, өмірлік дағдыларын шыңдауына, мықты ерік-жігер мен тәртіпке баулуына жол ашатын рухани-әлеуметтік орта. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды