Павлодар облысында үй құрылысын жүргізген жұмысшы қаза тапты

Сурет: Павлодар облыстық полиция департаменті
Павлодар облысында үй құрылысын жүргізген жұмысшы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы фактісі бойынша, Кенжекөл ауылында жеке тұрғын үйдің құрылысы кезінде екі адам зардап шеккен, олардың бірі оқиға орнында көз жұмған", - деп хабарлады департамент.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті оқиғаға байланысты тергеу ашты.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапқанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз