БҚО-да бір отбасының бес баласы өрттен қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
4 маусым күні сағат 15:00 шамасында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында болған өрт салдарынан бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт кезінде балалар үйде үлкендердің қарауынсыз қалған. Өрт шамамен 30 шаршы метрді шарпыған, үйдің ішінде тұрмыстық заттар мен жиһаз жанған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес баланың мәйітін тапқан. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар ауруханаға өмір белгілері байқалмай жеткізілген.

"Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ балалардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Қайтыс болған балалардың жасы 6, 5, 4, 3 және 2-де болғаны анықталды.

Өрт сағат 15:56-да толықтай сөндірілді.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, отбасы жеке үйді жалдап тұрған. Өрт болған кезде балалардың ата-анасы жұмыста болған. Әкесі – жергілікті бос уақыт өткізу орталығында шаруашылық меңгерушісі, анасы ауыл дүкенінде жұмыс істеген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?