5 маусымда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Сурет: unsplash
Синоптиктер 2025 жылғы 5 маусым, бейсенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК болжамына қарағанда, еліміздің көп бөлігінде ауа райы қолайсыз болады:

"Циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағайлы, бұршақты жаңбыр алып келеді. Солтүстікте – нөсер жаңбыр жауады, жел күшейеді. Ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі… Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман түседі".

Республиканың тек оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық төмендегідей ескерту жариялады:

Жоғары өрт қаупі күтіледі:

Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысы, шығысы, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысы мен шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Түркістан облысының орталығында, Алматы облысында және Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысы, шығысы, оңтүстік-батысы және орталығында.

Төтенше (аса жоғары) өрт қаупі күтіледі:

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігі, батысы, оңтүстігі мен тау бөктерлерінде, Жамбыл облысының батысы, шығысы және таулы аудандарында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігі, солтүстігі және батысында, Алматы облысының батысы мен солтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының солтүстігі мен шығысында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды