"Аптап ыстық, найзағай, жаңбыр". Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Сурет: pixabay
Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің қозғалысы айқындайтын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, сондай-ақ бұршақ түсуі де мүмкін", - дейді "Қазгидромет" РМК.

Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы +22...+30°С- дан +30..+37°С-ге дейін көтеріледі.

Еліміздің солтүстік-батысында да сынап бағаны +20...+30°С-ден +23...+33°С-ге дейін жоғарылайды.

Республикамыздың солтүстігінде ауа температурасы +18...+ 28°С болады.

Қазақстанның шығысы мен орталығында сынап бағаны +23...+34°С-ден, сондай-ақ кей жерде +35...+38°С-ден +20...+33°С-ға дейін төмендейді деп болжанады.

Қазақстанның оңтүстігінде +25...+35°-С-ден +29...+37°С-ға дейін көтеріледі деп күтіледі, ал оңтүстік-шығыста +30...+39°С аптап ыстық сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың сәуірі Қазақстандағы метеобақылау кезеңіндегі ең ыстық кезеңдердің бірі ретінде тарихқа енгенін айтқан болатын.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді