Жамбыл облысында жасөспірім өзінен төмен сыныпта оқитын оқушыны жүйелі түрде жәбірлеп келген

Сурет: pexels
Жамбыл облысы Меркі аудандық соты кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу (буллинг) фактісі бойынша азаматша К.-ға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың сәуірінде орта мектептің 9-сынып оқушысы – 15 жасар кәмелетке толмаған О. өзінен төмен сыныпта оқитын Н.-ды әр түрлі жұмыс түрлеріне мәжбүрлеп, жүйелі түрде оны жәбірлеген (буллинг).

Сот отырысында заңды өкіл К. кінәні мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, алдағы уақытта мұндай оқиғаға жол бермейтінін түсіндірді.

Жәбірленушінің заңды өкілі Н. балалары және өздері де өзара табысып, бір мәмілеге келгендерін айтты.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған О.-ның өзі сотта кінәсін мойындады.

Құқық бұзушының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полицияның оқиға туралы баянатымен, жәбірленушінің өтінішімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандар О және Н.-ның және олардың ата-аналарының түсіндірмелерімен расталады.

ӘҚБтК-нің 127-2-бабы 3-бөлігінің санкциясы ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға ескерту жасау немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады.

Сот айыппұл сомасын 30%-ға қысқартты.

Сот қаулысымен заңды өкіл К. ӘҚБтК-нің 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі таңда әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді. Сот актісі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты