Қазақстанның Израильдегі елшілігі ҚР азаматтарына шұғыл үндеу жариялады

Сурет: pixabay
Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі Израильдегі қазақстандықтарға маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шұғыл хабарлама бүгін, 2025 жылғы 13 маусымда таратылды.

"Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды",- деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ, Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері ашық.

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

2025 жылғы 13 маусымға қараған түні Израильдің Әскери-әуе күштері (ӘӘК) Иранға соққы жасады. Израиль елде төтенше жағдай жариялап, әуе кеңістігін жапты. Бұған қоса, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның ядролық бағдарламасына бағытталған "Халық — арыстан" атты арнайы операция басталғанын растады.

Кейінірек белгілі болғандай, шабуыл кезінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) Бас штабының бастығы Хоссейн Салами мен Исламдық Азад университетінің президенті Мохаммад Техранчи қаза тапты. Иран әскери өкілі Израильдің әуе шабуылдарына Тегеран қатаң жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы