12 мыңға жуық қазақстандық 1,5 млн теңгеге дейінгі өтеусіз гранттар үшін бақ сынасады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 186,5 мың адам қамтылды, 190,6 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Бұл жайлы бүгін, 13 маусымда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 116,2 мың адам жіберілді, оның ішінде жұмыспен қамтылды:

Ведомство ақпаратына сүйенсек, еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 42 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 39,4 мыңы оқуды аяқтады.

Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 176,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 400 АЕК (1 572 800 теңге) дейінгі мөлшерде 9 мың грант беру көзделген.

2025 жылғы 21 мамыр мен 3 маусым аралығында "Business.Enbek" порталында грант алуға үміткерлерден өтінімдерді қабылдаудың бірінші легі жүзге асырылды.

"Барлығы 11 479 өтініш қабылданды",- деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін Қазақстанда 38 жаңа кен орны табылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды