Шымкентте полицей өз өмірін қатерге тігіп, қауіпті жүргізушіні тоқтатты

Сурет: polisia.kz
Шымкентте полицей өз өмірін қатерге тігіп, қауіпті құқық бұзушыны тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 маусымда Шымкентте полиция қызметкерлері агрессивті жүргізу белгілерін көрсеткен ер адамның басқаруындағы Daewoo Nexia көлігін анықтады. Құқық бұзушылық жолдағы қауіпті әрекетті анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологиясына негізделген цифрлық жүйенің көмегімен анықталды.

Жүргізуші тоқтау туралы заңды талапты елемеді. Кейін тоқтағандай кейіп танытып, полицейлер тексеруге жақындаған сәтте, кенеттен көлікті қайта жүргізіп кеткен.

Құқық бұзушыны тоқтатпақ болған полицейлердің бірі көліктің капотына шығып кеткен. Бұған қарамастан, жүргізуші полиция қызметкерінің өміріне қауіп төндіріп, жоғары жылдамдықпен жүрді. Тек осыдан кейін ғана тәртіп сақшылары көлік құралын тоқтатып, күдіктіні ұстады.

Билік өкіліне күш қолдану жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады