Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС-ті жою жөніндегі петицияға пікір білдірді

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 17 маусымда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жоюды талап еткен петицияға қатысты министрліктің ұстанымын жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жуырда ғана МӘМС жүйесін жою туралы петиция жарияланды. Осылайша қазақстандықтар денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымына наразы екенін білдірді.

"Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін дамытуды қолдау саясатын жалғастырып келеді. Бұл – өркениетті әлемнің бір жетістігі екенін бәріміз түсінеміз. МӘМС – медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін жүйе", – деді Тимур Мұратов.

Сонымен қатар ол Қазақстанда ауруханалар мен емханалардың жекеменшік инвестициялар немесе бюджет есебінен салынып жатқанын айтты.

"МӘМС қаражаты есебінен медициналық нысандар салу қарастырылмаған", – деді вице-министр.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Жеке емшара кабинеттеріне қатысты маңызды ақпармен жүгінген болатын.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды