Батыс Қазақстан облысында медициналық қызмет сапасы жаңа деңгейге көтеріліп жатыр

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында облысымызда медициналық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

2023-2025 жылдары облыста 50 жаңа медициналық нысан салу көзделген болса, соның 36-сы бүгінде іске қосылды. Қалған 14 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, соңғы екі жылда 35 нысан күрделі жөндеуден өтті, ал 131 арнайы көлік (жедел жәрдем, санитарлық техника және т.б.) 2,7 млрд теңгеге сатып алынды. Cонымен қатар, өткен жылы 7,5 млрд.теңгеге 150 орындық мүгедектерді Оңалту орталығы пайдалануға берілгені баршаға мәлім.

Алдағы уақытта Теректі ауданының Ақжайық ауылында 50 орындық балаларды оңалту орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 5 медициналық нысанның күрделі жөңдеу жұмыстары басталды. Ендігі кезекте 5,7 млрд. теңгеге 98 бірлік медициналық құрал-жабдықтар мен 5 санитарлық автокөлік сатып алу жоспарланды.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Медицина саласындағы кадр тапшылығын шешу үшін ауқымды қолдау шаралары қабылданды. 2024 жылдан бастап қалаға жіберілетін мамандар үшін 5,1 млн. теңге, аудандық медициналық ұйымдарға 8,5 млн. теңге біржолғы төлемдер көзделді. 2025 жылы 60 маман 439,6 млн. теңгеге біржолғы өтемақымен қамтамасыз етілді.

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде облыс тұрғындары жаңадан ашылған медицина нысандарының сапалы қызметін оң бағалап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы