Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
17 маусымда Болгария астанасы София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы (EuPhO-2025) өз мәресіне жетті. Биылғы зияткерлік додаға 39 елден 200-ден астам жас физик қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста тамаша нәтиже көрсетті, ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Астанадағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолют жеңімпазы болып танылды. Ол Қазақстанның жүлде қоржынына алтын медаль алып келді.

Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматы қаласындағы Miras халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль иеленсе, Nurorda халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль жеңіп алды. Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасын иеленді. 

Команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер – Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмағұлов дайындады.

EuPhO – мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық зияткерлік сайыс. 2024 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған болатын. Биылғы көрсеткіш елімізде дарынды оқушылармен жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізіліп отырғанын айғақтайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді