Кезектен тыс парламент сайлауы өтеді деген сыбыс қаншалықты негізді

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 17 маусымда "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитінің кулуарында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр "Күзде кезектен тыс параламент сайлауы өтеді" деген сыбысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Склярдан күзде өтеді деген кезектен тыс сайлау туралы сыбыстың қаншалықты шындыққа жанасатынын нақтылап сұрады.

"Мен бұл сыбыстарды БАҚ беттерінен көріп, оқып жүрмін. Бірақ бұған ешқандай негізі жоқ. Парламенттік жүйе тұрақты жұмыс істеп жатыр және өзінің тиімділігін көрсетіп отыр деп толық сеніммен айта аламын. Жеке өз басым мұндай сайлау өткізуге ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын", - деді Скляр.

Сондай-ақ, журналистер үкімет мүшелерінің демалысқа шығу жоспары бар-жоғын сұрады.

"Әзірше белгісіз. Барлығы жұмыс қарқынына байланысты болады. Егер шұғыл жұмыстар шықса, демалысқа шықпаймыз. Жалпы үкімет мүшелері өте сирек демалады. Демалысқа шықса да, өте қысқа мерзімге ғана, - деп қосты Роман Скляр.

Еске салайық, бұған дейін Роман Скляр қазақстандықтардың жеке деректерінің жаппай таралуы жөнінде пікір білдірген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы