Энергетика министрі үш ЖЭО-ның құрылысына қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Сурет: primeminister.kz
2025 жылғы 18 маусымда Мәжіліс мінберінде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов үш жылу электр орталығының (ЖЭО) құрылысы мәселесі күнделікті талқыланып жатқанын мәлімдеді. Жобаға қатысты жаңа ақпарат Петербург халықаралық экономикалық форумынан кейін (18-21 маусым) белгілі болады.

Министрдің айтуынша, Ресей тарапында қаржыландыруға қатысты қиындықтар туындаған жағдайда, Қазақстан бұл үш ЖЭО-ны өз күшімен салуға мәжбүр болуы мүмкін.

"Егер басқа мүмкіндік болмаса, Қазақстанның бұл құрылысты өзі бастауға басқа амалы қалмайды", – деді Ерлан Ақкенженов.

Министр "Самұрық-Энерго" компаниясы мердігерлерді конкурс арқылы өз бетінше таңдай алатынын айтты.

Үш ЖЭО құрылысының құнына келгенде, министр баға пайдаланылатын жабдыққа байланысты екенін атап өтті: ресейлік мердігерлердің бағасы бір бөлек, қытайлықтардікі – басқа.

"Қазіргі уақытта нақты ұсыныс не Ресей тарапынан, не басқа мердігерлерден түскен жоқ. Сондықтан мегаваттың құны қандай болатындығын нақты айту әлі ерте", – деп қорытындылады Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Мәжіліске республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды