Гарвард шетелдік студенттерді қайта қабылдайды: ҚР Ғылым және жоғары білім министрі жағымды жаңалықпен бөлісті

Фото: primeminister.kz
2025 жылдың 19 маусымында Сенаттың мінберінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ билігінің Гарвардта білім алып жатқан қазақстандық студенттерге қатысты қандай шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбектің айтуынша, сот шешімімен шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салу кейінге шегерілген.

"Қазіргі уақытта Гарвардта оқып жатқан Қазақстан студенттеріне депортациялау немесе виза мәртебесінен айыру қаупі төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік департаменті ресми түрде визалар беру процесін қайта бастайтынын растады, бірақ бір шартпен: енді АҚШ билігі визаға өтініш берушілердің әлеуметтік желілерін тексеріп, олардың саяси көзқарастарын, АҚШ-тың ресми саясатына қайшы келетін ұстанымдарды қолдайтынын-қолдамайтынын қарайды", – деді министр.

Осыған байланысты министр виза алуға өтініш беруді жоспарлап отырғандарға біріншіден, әлеуметтік желідегі парақшаларын тазалауға, екіншіден, өте мұқият болуға кеңес берді.

Қазақстан
Нұрбек Саясат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты