Қазақстан шекарасында мафия бар ма? Мемлекеттік кірістер комитеті пікір білдірді

Сурет: ortcom.kz
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов 2025 жылғы 19 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан шекарасында мафияның бар-жоғы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол мафияның жоқ екенін мәлімдеп, журналистерді Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттеріне барып, көз жеткізуге шақырды.

"Мафияға қатысты айтар болсам – білмеймін, ондай жағдайларды байқап отырған жоқпыз. Егер барғыңыз келсе, бәрін көрсетеміз, сонда өз көзіңізбен көріп, біздің кеден шекарасында мафия жоқ екеніне көз жеткізесіз", - деді Бақытжан Слямов.

МКК басшысының орынбасары мемлекеттік шекара режимдік стратегиялық нысан екенін, онда кеден қызметкерлерімен қатар шекарашылардың да бар екенін атап өтті.

"Бұл аумақ әрқашан тек шекарадағы органдардың емес, қоғамның да жіті бақылауында. Сондықтан біз ондай фактілерді ешқашан тіркеген емеспіз. Шекара – бұл стратегиялық нысан. Ол жерде жеке тұлғалардың ешқандай бақылауы болмайды", - деп түйіндеді Бақытжан Слямов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті