Алматыда аптап ыстықтан кейін алай-дүлей дауыл басталып кетті

Сурет: pixabay
Алматыда бұрын-соңды болмаған ыстықтан кейін ауа райы күрт өзгерді. 2025 жылғы 19 маусым кешкісін қалада барлық нәрсені ұшырып әкететіндей екпіні күшті жел тұрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалада ертең, 20 маусымда дауылды ескерту жасалған еді, бірақ алай-дүлей бүгін, 19 маусымда басталып кетті.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр.

"20 маусым күні Алматыда күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі және екпінді жел соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін", - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ ведомство қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тартуға ескертті.

"Абай болыңыздар! Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!", - дейді Алматы төтенше жағдайлар департаменті.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды