Маңғыстау облысында ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

Сурет: lada.kz
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында әскери ұшқышсыз ұшатын аппаратқа ұқсайтын құрылғы табылып, жергілікті тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.

Куәгерлердің айтуынша, күдік тудырған ұшатын құрылғы 19 маусым күні күндіз Болашақ теміржол шекара бекетінің маңында табылған.

Бұл ақпаратты Zakon.kz-ке облыстық полиция департаменті растады.

"Маңғыстау облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарақия ауданында дронның сынықтарына ұқсайтын заттың табылуына байланысты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство.

Полицияның мәліметінше, нысан елді мекеннен алыс, шөлді жерде табылған, ешқандай шығын немесе зардап жоқ.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Астанада жаңбыр жауып, күн –3°C-қа дейін суытады, ал Алматы мен Шымкентте жылы ауа райы сақталады

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы