Астанада 17 жастағы қыз төртінші қабаттан секірмек болды

Сурет: polisia.kz
Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатынан секірмек болған 17 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлер балконның шетінде тұрған қызды байқап қалып, бірден полицияға хабар берген.

Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Бекжан Нұрсейіт пен Жасұлан Қыздарбек 4-қабатқа көтерілу арқылы пәтерге кіріп, секіруге оқталып тұрған қызды ішке қарай тартып, аман алып қалған.

Полицияның мәліметінше, бұл – аталған қызметкерлердің алғашқы ерлігі емес. 10 маусым күні олар тағы бір адамның өмірін сақтап қалған. Көпірдің шетінде тұрған жігітпен сөйлесіп, оны райынан қайтаруға тырысқанмен, ол суға секіріп кеткен. Сол сәтте полиция қызметкерлерінің бірі еш кідірместен суға секіріп, жігітті жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырған.

Полиция аға лейтенанты Жасұлан Қыздарбек ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері, ал Бекжан Нұрсейіт 2022 жылдан бастап атқарады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған