Шалқарда жаңадан ашылған саябақта баланы тоқ соқты

Сурет: Zakon.kz
Шалқар қаласында жақында ғана ашылған саябақта 10 жастағы баланы тоқ ұрды. Оқушы алдымен аудандық ауруханаға шұғыл жеткізіліп, ауыр халге түскеннен кейін санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК арнасының мәліметінше, оқиға кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Оқиға болған сәтте баланың кіммен бірге болғаны әзірге белгісіз.

"Консилиум өткізіліп, емдеу тағайындалды. Бүгін таңертең медициналық авиация арқылы бала бізге жеткізілді. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, электр күйіктері бар", - деді Ақтөбе облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматологы Қуантай Махамбетов.

Оқиға болған сквер небәрі бір ай бұрын — Жеңіс күніне орай салтанатты түрде ашылған. Алаңды абаттандыруға шамамен 9 миллион теңге бөлінген. Құрылымның не себепті тоқ соққанын қазір сарапшылар анықтап жатыр. Ал жергілікті әкімдік баланың өзі бағанға өрмелегенін айтып отыр.

"Ол ескерткіш қоршауының жанындағы шам бағанына өрмелеп шыққан, сол кезде тоқ соққан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Алғашқы көмек көрсетілген соң Ақтөбеге жөнелтілді", - деді Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Қаржаубай Қалжан.

Оқиғаның нақты себептерін тергеу анықтайды. Қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты