Қызылордада Ұлттық ұлан сарбаздары әйел мен баланы өрттен құтқарды

Сурет: pixabay
ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 5547-әскери бөлімінің әскери қызметшілері Қызылордадағы "Ескі базар" маңындағы тұрғын үйде шыққан өрт кезінде алғаш болып көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Патрульдік кезекшілік кезінде әскери наряд полицияның Жедел басқару орталығынан үйде өрт шыққаны туралы хабар алған. Кезекші лейтенант Ернұр Әбілхан патрульдік қызметтегі Нұрдәулет Әдіхалық пен Ердоc Махмұдовпен бірге оқиға орнына шұғыл жеткен.

Үшінші қабаттың терезесінен қою түтін шығып жатқан. Өрт сөндірушілер келгенше сарбаздар тұрғындарды эвакуациялауға кіріскен.

"Біз келгенде бүкіл үйді қою түтін басып кеткен еді, күйік иісінен тыныс алу қиын болды. Бетімізді суланған орамалмен жауып, адамдарға сыртқа шығуға көмектестік. Сол сәтте бір ер адам кішкентай қызы мен жұбайының бесінші қабаттағы пәтерде қалып қойғанын, ал есікті өзі сыртынан жапқанын айтты. Кілтті алып, оларды да қауіпсіз жерге шығардық", - дейді лейтенант Ернұр Әбілхан.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, тұрғындардың барлығы дер кезінде эвакуацияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді