Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын кімдер иеленді: тізім

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы 24 маусымдағы №226 өкімімен

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы:

1. Egemen Qazaqstan газеті бас редакторының орынбасары – Талғат Садықұлы Батырханға;

2. "АЙҚЫН-ЛИТЕР" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры – Талғат Ешенұлы Қырықбаевқа; 

3. "Казахстанская правда" газетінің бөлім редакторы – Юлия Дмитриевна Магерге;

 4. Qazaqstan ұлттық телеарнасының шеф-редакторы  – Армангүл Тоқтамұратқа берілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты:

1. Kokshe телеарнасының  шеф-редакторы – Зарина Өмірғалиқызы Бекқалиеваға; 

2. Jibek Joly / Silk Way телеарнасының тілшісі – Күнсая Құрмет-Рахимоваға;

3. Abay Live YouTube-арнасының авторы және жүргізушісі – Абай Сейфуллаұлы Тіленшиевке;

4. Тengrinewskz сайтының тілшісі – Алина Александровна Шашкинаға тапсырылды;  

Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы алғысы:

1. Ana tili газетінің шығармашылық ұжымына;

2. BALAPAN телеарнасының шығармашылық ұжымына;

3. Soltustik Qazaqstan газетінің шығармашылық ұжымына;

4. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының ұжымына жарияланды.

Іс-шарада журналистика саласының ардагері Шархан Қазығұл, "Казахстанская правда" газетінің бөлім меңгерушісі Юлия Магер және "Хабар" телеарнасының жүргізушісі Гүлнәзия Зарипова сөз сөйледі.

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысушылармен бірге суретке түсті.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды