ІІМ Қазақстандағы қылмыс деңгейі туралы айтты

Фото: polisia.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде ішкі істер органдарының орталық аппараты қызметтері мен аумақтық бөліністердің басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс барысында ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жедел қызмет қорытындылары шығарылып, ел Президентінің құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында басым міндеттер айқындалды. 

Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің айтуынша, есепті кезеңде оң динамика байқалады. Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 11%-ға төмендеген.

Атап айтқанда, адам өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, зорлау, қарақшылық, тонау, бұзақылық, ұрлық, мал ұрлығы және басқа да қылмыстардың саны азайғаны атап өтілді. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі құқықбұзушылықтар деңгейінің төмендеуі тіркелді.

Оң нәтижелермен қатар, отырысқа қатысушылар бөліністердің қызметіндегі кемшіліктерді қарастырып, оларды жою жолдарын талқылады.

Бұған дейін Алматыда әйел адамның көпқабатты үйдің балконынан құлап қаза тапқандығын жазған болатынбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді