Елімізде декларацияның жаңа түрі пайда болады

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылғы 25 маусымда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңды қабылдады. Құжат Сенатқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа сыртқы электрондық сауданы реттеуге байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойған.

"Аталған хаттамамен келесі өзгерістер көзделеді. Біріншіден, үшінші елдердегі шетелдік интернет-алаңдардан жеке тұлғаларға халықаралық пошта арқылы жіберілетін тауарларды "электрондық сауда тауарлары" деп аталатын жеке санатқа бөлу. Екіншіден, "электрондық сауда операторы" ұғымын енгізу. Үшіншіден, "электрондық сауда декларациясы" деп аталатын жаңа кедендік декларация түрін енгізу," – деді ол.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда шетелдік интернет-алаңдардан сатып алынған тауарлар жеке пайдалану үшін әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады және тек бажсыз әкелу нормалары асқан жағдайда ғана декларацияланады.

"Бұл тауарлар ресми статистикаға кірмейді, өйткені олар сауда айналымына жатпайды. Электрондық сауда тауарларының жалпы көлемін декларациялау шетелдік интернет-алаңдардан сатып алынатын тауарлар бойынша толық статистика қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының "Халықаралық шарттар туралы" Заңына сәйкес, аталған хаттама ратификациялауға жатады", – деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Қаржы министрлігінің жалпы 2,5 млрд доллар егеменді еурооблигацияларды сәтті шығарғандығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді