800 мың ақбөкенді ет комбинаттарына жіберу жоспарлануда

Фото: wikimedia/Andrey Giljov
2025 жылғы 25 маусымда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкіметте өткен баспасөз конференциясында 800 мың сайғақты табиғаттан шығарып, мал сою кәсіпорындарына жіберуге болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сайғақ популяциясының шамамен 20%-ын оның саны азаймайтындай жағдайда табиғаттан шығарып алуға болатыны туралы ғылыми негіздеме алынғанын атап өтті.

"Бүгінгі таңда көктемгі санау нәтижесі бойынша ресми мәлімет 3,9 миллион бас. Оның ішінде 2,3 миллион – Орал популяциясы, 1,6 миллион – Бетпақдала популяциясы, ал кішкене популяция, шамамен 78 мың – Үстірт популяциясы. Қазіргі уақытта нақты сан 3 миллион 978 мың. Демек, біз шамамен 800 мың сайғақты шығарып алуымыз керек", – деді Ерлан Нысанбаев.

Ол сонымен қатар, осы 800 мыңның шамамен 40%-ы аталық, 40%-ы ұрғашы, ал 20%-ы құралай екенін айтты. Министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, сайғақ етін өңдейтін мал сою кәсіпорындарын салу бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеуде. Қазіргі таңда алты компания жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

Бұған дейін "Таза Қазақстан" акциясына 2 миллион адамның қатысқандығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы