"Алматы СУ" ақпаратына сүйенсек, бұл күні аумақта сумен жабдықтау желілерінде технологиялық жабдықты ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Атап айтқанда, 27 маусым күні сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Ақсай-1а шағынауданында, Момышұлы көшесі – Райымбек даңғылы – Яссауи көшесі – Төле би көшесі шекарасындағы аумақта суық су беру уақытша тоқтатылады.
"Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұрғындар мен тұтынушылардан техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз",- деп мәлімдеді ведомство.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: 274-66-66.
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар көрші елдегі жер сілкінісін тіркегендігін жазған болатынбыз.