"Нөсер жаңбыр, бұршақ, аптап ыстық". Еліміз бойынша 26 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Қазақстанда 2025 жылғы 26 маусымда бұршақ аралас жаңбырдан бастап өте қатты ыстықты қамтитын ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша бейсенбі күні түстен кейін қатты ыстық болады деп болжанады:

Мына өңірлерде күндіз сынап бағанасы +42°C-ге дейін көтеріледі:

"Республикамыздың басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Республикамыз бойынша жел екпін алып, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады", – деп болжануда.

Сондай-ақ, мынандай дауылды ескертулер жарияланды:

жоғары өрт қаупі - Абай облысының орталығында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау өңірінің солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде;

төтенше өрт қаупі – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 25, 26 және 27 маусымы бойынша еліміздің үш ірі қаласына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды