Қарағандыдағы нөсер жауын: қаланың кей бөліктерін су басты

Сурет: Instagram/meiram_kozhukhov
2025 жылғы 26 маусымда Қарағандыда ауа райы күрт өзгеріп, қалада нөсер жауын жауды. Жаңбыр салдарынан қаланың кей бөліктерін су басқан. Қала әкімі Мейрам Қожықов оқиғаның салдаржариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімнің айтуынша, ауа райының күрт нашарлауына және нөсер жауынға байланысты қаладағы кейбір қосалқы станцияларда техникалық ақаулар болған.

"Қазіргі уақытта тұтынушылардың бір бөлігіне электр қуаты берілді. Қала бойынша қайта қосу жұмыстары жалғасып жатыр, сондықтан кей жерлерде уақытша қайта сөндірулер болуы мүмкін – бұл қауіпсіздік үшін қажет. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Кейбір бағдаршамдар қайта қосылды, қалғандары тексеріліп жатыр – мамандар орындарында", – деп жазды Мейрам Қожықов бейсенбі күні Instagram-парақшасында.

Ол нөсер суларын қабылдайтын жүйелер штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, торлар мен люктер ашық екенін және судың кетіп жатқанын айтты.

"Жиналған су бірден кете алмайды, біраз уақыт қажет екенін түсіну керек. Су сору жұмыстары да жалғасып жатыр. Егер аулаларыңызда, жекеменшік үйлерде немесе жертөлелерде су басу жағдайы болса, бұл туралы пікірде жазыңыздар – барлық ақпарат тиісті қызметтерге беріледі. Жағдай бақылауда", - деп түйіндеді Мейрам Қожықов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін шетелдіктер төлем қабілеттілігін қалай растайды