Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақ экипажына арналған ескерткіш ашылды

Сурет: Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы
2024 жылдың желтоқсанында апатқа ұшыраған ұшақ экипажының құрметіне арналған ескерткіш 26 маусым күні Ақтау әуежайы маңында орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялар орталығының мәліметінше, монумент Әзербайжанның ұлттық қаһармандары — ұшқыш Александр Кальянинов пен бас бортсерік Хокума Алиеваның құрметіне қойылған.

Бұған дейін Әзербайжанда да апат салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін арнайы ескерткіштер орнатылған еді.

Ақтау маңында өткен мемориалдың ашылу рәсіміне қаза болғандардың туыстары, авиация саласының өкілдері мен жергілікті қоғам белсенділері қатысты. Жиналғандар құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

2024 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясының Embraer 190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Әуе компаниясының мәліметі бойынша, ұшақ бортында 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 29 адам тірі қалған.

Апатқа байланысты түпкілікті ресми қорытынды есеп 2025 жылы желтоқсанға дейін жарияланады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды