Ақтөбе облысында ата мен немересі джиппен бірге суға батып кетті

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында бір тәуліктен астам уақыт бойы қарт адам мен оның кәмелетке толмаған немересі іздестірілді. Олар үйден бірге джип көлігімен шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалғандар туралы хабар 2025 жылғы 25 маусымда түскен.

Келесі күні кешке Құдықсай ауылы маңындағы Ор өзенін тексеру кезінде құтқарушылар ер адамға тиесілі Toyota Hilux көлігін судан тапқан.

"Сүңгуірлер 2,5 метр тереңдікте, жағадан 4 метр қашықтықта баланың денесін, кейін атасының денесін анықтап, судан алып шықты. Сонымен қатар көлік пен 66 жастағы ер адамның денесі де шығарылды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Оқиғаның нақты мән-жайын мамандар анықтап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз