Алматылық тұрғын ғасырлық мерейтойын атап өтті: соғыс ардагерін әскери қызметшілер құттықтады

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан Екатерина Александровна Баранова 100 жасқа толды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерейтой иесінің үйіне Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері мен курсанттары, сондай-ақ Алмалы ауданының Қорғаныс істері басқармасының өкілдері арнайы келіп құттықтады.

Әскери қызметшілер ғасыр жасаған кейуанаға құттықтау хатын, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстады. "Әскери дирижерлік" мамандығының курсанттары соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді. Олардың арасында ауыр күндердің зары мен Жеңіске деген үмітке толы аңызға айналған әндер шырқалды. Музыкалық тарту ардагердің көңілінен шықты – ол таныс әуендерге жымиып қосылып отырды.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Екатерина Александровна Курск облысында дүниеге келген. Жетінші сыныптан кейін Старый Оскол медициналық техникумына түсіп, фельдшер мамандығын алған. 1943 жылы, неміс-венгр әскерлерінен өңір азат етілген соң, оны әскерге шақырып, 1-Украин майданының госпиталіне қызметке жібереді.

1945 жылдың соңына дейін Екатерина Баранова жараланған сарбаздарға жанқиярлықпен көмек көрсетіп, ерлік пен жанашырлық танытты. Жеңіс күнін Чехословакияның Карловы Вары қаласында қарсы алды.

Сурет: Алматы гарнизоны баспасөз қызметі

Ардагердің марапаттарының қатарында: II дәрежелі Отан соғысы ордені, "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Праганы азат еткені үшін" медальдары және көптеген мерейтойлық марапаттар бар.

Соғыстан кейінгі жылдары Екатерина Александровна Отан алдындағы қызметін жалғастырып, шекаралық госпитальда, кейін Министрлер Кеңесі ауруханасында жұмыс істеген.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды