Қазақстаннан Иран мен Израильден 230-дан астам адам эвакуацияланды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 30 маусымда өткен брифингіде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Иран мен Израильден қазақстандықтарды эвакуациялау жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Смадияровтың айтуынша, Қазақстан мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестердің көмегімен Иран мен Израильден азаматтарды эвакуациялаудың кезекті кезеңін аяқтады.

"Нәтижесінде Ираннан 233 Қазақстан азаматы, ал Израильден 103 отандасымыз эвакуацияланды. СІМ мен Қазақстан елшіліктері өңірдегі жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстап, азаматтарымызға қажетті консулдық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр", – деді ол.

СІМ өкілі аталған елдерде қалуды таңдаған қазақстандықтар саны өзгермегенін растады.

Оның айтуынша, дипломаттар да сол елдерде қызметін жалғастырып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз