Антикор сотталып шыққан Мұсайбековтің жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді

Сурет: ru.hcbarys.kz
2025 жылғы 30 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің "Барыс" хоккей клубының бас директоры болып тағайындалуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, Мұсайбеков бұған дейін алаяқтық үшін сотталған.

Ол кезде Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі көлемдегі алаяқтық") сыбайлас жемқорлық қылмысы болып есептелмеген.

"Қазір 189-баптың 4-бөлігі – Сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған. Енді осы бап бойынша сотталған адамдар ешқандай лауазымды қызмет атқара алмайды. Оларға мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда және басқа да орындарда жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынады", - деді Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, бұл заңнама 2022 жылы Антикордың бастамасымен өзгертілген.

Еске салайық, 2025 жылғы 18 маусымда Сәкен Мұсайбековтің "Барыс" клубының бас директоры болып тағайындалғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі