СҚО-да автожолдарға жауапты шенеунік 9,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасарын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

"Ол жол жөндеу жұмыстары бойынша орындалған актілерге қол қою және облыс аумағындағы әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы бойынша шығындарын өтеу үшін субсидия төлеу мақсатында мердігер ұйымдардан жүйелі түрде 9,5 млн теңге пара алған деген күдікке ілінген", - деді Данияр Биғайдаров 2025 жылғы 30 маусымда.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат депутаты Әлібек Наутиев жол құрылысы кезінде сапасыз материалдар қолдану мен технологияны бұзғандарға қатаң жаза қолдануды ұсынған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады