"Қазақстанға циклон жылжып келеді". 3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Қазақстанның басым өңірінде алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 3 шілдеде қолайсыз ауа райы күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, еліміздің орталығында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Республика аумағының басым бөлігінде ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер  айқындайтын болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел екпін алады деп күтіледі, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жауса, солтүстікте, шығыста дауыл тұрады... Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық мынандай қауіпті құбылыстар барын ескертеді:

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 2025 жылғы 3-5 шілде аралығына арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Астанада оншақты JAC көлігін сатқан автосалон менеджері түскен ақшаны кассаға өткізбей, өз пайдасына жаратқан

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды