Көкшетауда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Көкшетау патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2 шілдеде саяжай кентінің аумағында болды. Полицияға жергілікті тұрғыннан Mazda автокөлігі ұрланғаны жайлы арыз түсті. Жәбірленуші шығынды 800 мың теңгеге бағалады.

Ақпаратқа жақын маңдағы патрульдік экипаж жедел жауап берді. Полицейлер дереу көрсетілген мекенжайға барды, олардың әрекеттерін жедел басқару орталығының инспекторлары үйлестірді. Күдікті ұрланған көлікпен алысқа бара алмады.

Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу ұстады. Автокөлік тәркіленді. Сондай-ақ ұсталған адамға қатысты жүргізуші куәлігінсіз және мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік материал жасалды.

Ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз