Алматыдағы бір көше екі рет жабылады

Сурет: Zakon.kz
Дулати көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 шілде күні сағат 22:00-ден 9 шілде сағат 06:00-ге дейін "Қазселқорғау" ғимараты маңындағы көпірден бастап "Ұлытау" мейрамханасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

9 шілде сағат 22:00-ден 10 шілде сағат 06:00-ге дейін "Ұлытау" мейрамханасынан бастап "Тілек Тас" мейрамхана кешеніне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.

"Жөндеу жүріп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметі көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты, маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз". Алматы әкімдігі

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі