Шымкентте адам өліміне себеп болған жол апатының кінәлісі жазаға тартылды

Сурет: Zakon.kz
Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 10 шілде күні жол-көлік ережесін бұзып, адам өліміне себеп болған жол апатына кінәлі қала тұрғынына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы сәуір айында сотталушы Д. жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра Toyota Camry автокөлігін басқарған. Қасым хан көшесімен келе жатып, қарсы бағыттағы Э. есімді жәбірленушінің көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан сотталушының көлігінде болған жолаушылардың бірі — К. есімді азамат алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Тағы екі адам — У. мен С. орта деңгейдегі дене жарақатын алған.

Сот процесі барысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Жәбірленуші тарап оған бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды сұрады. Прокурор да айыптауды қолдап, нақты мерзіммен бас бостандығынан айыруды талап етті.

Сот Д.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы адам өліміне әкеп соққан жағдайда") бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім шығару кезінде сот сотталушының шын ниетімен өкініш білдіруін жеңілдететін жағдай ретінде ескерді. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды