Жетісу облысында полицейлер суға секіріп кеткен қызды құтқарып қалды

Сурет: polisia.kz
12 шілде күні таңғы сағат 04:30 шамасында Көксу ауданының Балпық би кенті маңындағы Алматы – Өскемен автожолының 240-шақырымында полиция қызметкерлерінің жедел және кәсіби әрекет етіп адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын ала іс-шара жүргізіп жүрген әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Марат Ұзақпаев пен Көксу ауданының учаскелік инспекторы Жұмабек Бақбергенге Toyota автокөлігін тізгіндеген азамат келіп, Көксу өзенінің каналы бойында бойжеткеннің жалғыз тұрғанын хабарлаған.

Хабарды алған бойда оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері шамамен 20–25 жас аралығындағы бойжеткенді анықтаған. Ол өз-өзіне қол жұмсауға бел буғанын жеткізіп, "өлемін" деген сөздер айтқан. Қызметкерлер оны райынан қайтаруға тырысқанымен, ол суға секіріп кеткен.

Алайда тәртіп сақшылары өз өмірлерін қатерге тігіп, бір сәт те ойланбастан өзенге түсіп, ағыс бойымен бойжеткенге жүзіп жетіп, оны жағаға алып шыққан. Құтқару жұмысына сол маңда жүрген Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы Т.Кашкеев те белсенді түрде атсалысқан.

Кәсіби біліктілік пен шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсеткен полицейлер бойжеткенді құтқарып, аман-есен ата-анасына табыстады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?