Алматылықтарға Үлкен Алматы өзеніндегі өлім қаупі туралы ескерту жасалды

Сурет: wikimedia
2025 жылғы 15 шілдеде Алматының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сіз Үлкен Алматы өзенінің бойында – Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі, яғни өзен Сайран көлінен шығып жатқан бөлігінде біреулердің шомылып жүргенін немесе кілем жуып жатқанын талай рет көрген боларсыз. Бірақ бұл аумақтың қауіпті екенін, мұнда шомылуға қатаң тыйым салынғанын білесіз бе?", - делінген ТЖД хабарламасында.

Ведомство өкілдері бұл жерде ағын су өте қауіпті екенін ескертеді: су сізді лезде ағызып әкетуі мүмкін, ал көмек шақырып үлгермей де қаласыз.

"Осыны еске салу мақсатында Әуезов ауданының төтенше жағдайлар басқармасы әкімдікпен бірлесіп, өзен арнасы бойына "Шомылуға болмайды!" деген ірі жазбалар орнатты. Бір сәттік салқындау үшін өміріңізді қатерге тікпеңіз. Өзіңізге сақ болыңыз!" - делінген ТЖД үндеуінде.
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін